ШЫМКЕНТКЕ 20 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Среда, 29 Май 2024 05:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 200 раз

Zhas Project – жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жеңімпаздарға мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі. Бұл жоба 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақстанның 20 аймағында басталған. Шымкент қаласында бұл жобаны «Қорған-М» ҚБ жүзеге асыруда.

GranT

 

Талап бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын жобалар жергілікті қоғамдастықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмеуі тиіс.
Шымкент қаласы бойынша байқауға 318 үміткер өтініш қалдырған.
21-22 мамырда сараптама комиссиясы шағын гранттар байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады. Шымкент қаласына 20 грант бөлінді.
– Бұл жоба NEET санатындағы, яғни жұмыссыз жастарға арналған. Осы жылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Осының нәтижесінде өтініш көп түсті, – дейді «Қорған-М» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Диана Қырғызбаева.
Zhas Project жобасына қатысып, 1 млн. теңгеге ие болған Мөлдір Жарылқап енді өз кәсібін ары қарай дамытуды көздейді.
– Конкурсқа екі ай дайындалдым. Бұл идеяны жүзеге асыруды біраз жылдан бері жоспарлап жүргенмін. Ерекше балалардың ойлау қабілетін, олардың физикалық дене қозғалысын жақсартуды көздейтін жобамды қорғап шығу үшін ағаштан түрлі бейнелер жасап, ертегі құрастырдым. Бұл бала денсаулығына оң әсер береді. Жетекшім тек бағыт беріп, қолдауын білдірді, –дейді Мөлдір.

Гүлжауһар Темірханқызы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.