«ТАЗАЛЫҚ ҚАНА ЕМЕС, ТӘРТІП САҚТАУ ДА МАҢЫЗДЫ» Избранное

Среда, 29 Май 2024 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 279 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің құрылысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселесін қарады.

APParat

 

Мегаполис басшысы мәжілісте білім беру нысандарын заман талабына сай жабдықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Ғабит Әбдімәжитұлы бұл жобаны жүзеге асыруға мүмкіндігінше жергілікті тауар өндірушілерді тарту маңызды екенін, барлық мектеп ғимараттары мен жиһаздары жайлы, қауіпсіз және оқушылардың білім алуына қолайлы болуы керек екенін атап өтті.
Қала әкімі бос орындарға конкурс өткізу кезінде білікті кадрларды тартуға баса назар аудару қажеттігін қадап айтты.
Жиында қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мегаполисте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыс барысын баяндады. Спикер Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында қала әкімінің тікелей бақылауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жыл соңына дейін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін мәлімдеді.
Қазіргі таңда акция аясында Қошқар ата өзенінің жағалауы, балалар темір жолы, магистральдық көшелер мен көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, абаттандырылып жатыр. Апта сайын сенбілік өткізіліп, тазалыққа қала тұрғындары, еріктілер мен белсенділер атсалысуда.
Сондай-ақ, биыл бес аудандағы 20 көше көгалдандырылып, абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Жалпы ауданы 376 мың шаршы метрді құрайтын көшелерді көгалдандыру жоспарланған. Ол аймаққа 7 мың түп қылқан жапырақты, 40 мың түп жапырақты ағаш отырғызылады. Көгалды автоматты суару жүйесімен қамту үшін 46 ұңғыма бұрғылау көзделген.
Жиын соңында қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, Ғабит Әбдімәжитұлы қалада тек тазалықты ғана емес, қоғамдық тәртіпті де сақтау маңызды екенін атап өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.