«ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАҚСЫ ІСТЕРДІҢ ЖОЛЫН ТАПТЫ Избранное

Пятница, 31 Май 2024 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 508 раз

Шымкентте өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек баспасөз бринфингін өткізіп, 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

AkimBRI

 

Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 228 830-ға жетті. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Еңбекші ауданында 728 көше, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда.
Аудан аумағындағы шағынаудандар мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ, ауыз сумен – 97, электр жарығымен – 98,3, табиғи газбен – 90,7, кәріз жүйесімен – 41, асфальт жолмен 73,1 пайызға қамтылған.
Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» жасалып, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Еңбекші ауданында жолдардың 535,77 шақырымы – асфальт, 158,38 шақырымы – тас, 38,76 шақырымы – топырақ жол. Ауданда жолдардың жағдайын жақсартуға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланып отыр.
Халықты спортқа баулу мақсатында 2023 жылы 7 спорт алаңшасы пайдалануға берілсе, осы жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу көзделген. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «ВI Group» ЖШС-нің демеушілігімен Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қоңақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылуда.
– Аудан бойынша 283 көпқабатты үйде 132 аула бар. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады. Биыл 47 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 17 мекенжайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қалған 36 аула келесі жылы абаттандырылады, – дейді аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы.
Айта кетейік, аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын жауын суы астында қалып қоятын 57 мекенжай анықталған. Бүгінде Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырысымен осы мекенжайларда ирригациялық жүйелер орнатылуда.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.