МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ Избранное

Среда, 19 Июнь 2024 06:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 626 раз

Шымкентте биыл ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесін ерекше өткізу жоспарланған болатын. «Ақмешіт» орталық мешітінде Құрбан айт намазы оқылған соң мешіт жамағаты үшін қой көтеру, кір тасын көтеру, арқан тартудан жарыс өткізілді.

Namas

 

Сондай-ақ, айттың бірінші күні 30 жерде «Балаларға – базарлық» мерекелік іс-шарасы өтті. «Наурыз» және «Арбат» алаңдары мен жаңадан ашылған «Сейтжан қари» мешітінде «QURBAN AIT FEST» мерекелік һәм рухани іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Наурыз» алаңында өткен мерекелік бағдарламада әртүрлі ойындар ойнатылып, балаларға ойыншықтар мен балмұздақтар таратылды. Сондай-ақ әртүрлі жануардың киімін киген аниматорлар ойын-сауық көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады.
Келушілер арасында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Ұлттық дәстүрге сай келетін ойын түрлерінде бақ сынап, белсенді қатысқан қала тұрғындары да ескерусіз қалмады. Әр кезеңде жақсы өнер көрсеткен қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы диплом және сыйлықтар табысталды. Осылайша, Шымкент қаласының тұрғындары ұлы мейрам – Құрбан айтты ұлықтады.
Мерекеге зиялы қауым өкілдері мен сахна жұлдыздары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шара барысында «Харакет» қайырылымдылық қорының атынан мұқтаж отбасыға пәтер кілті табысталды. Мұнымен қатар, келушілерге 2 тонна наурыз көже, сусындар, тәттілер, 20 мың дана бауырсақ пен 5 мың дана балмұздақ, 3 мың шар тегін таратылды.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.