«ОТБАСЫ БАНК» 14-ШІ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ Избранное

Среда, 19 Июнь 2024 06:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 629 раз

Шымкентте қаншама қазақтың баспаналы болуына қолайлы жағдай жасаған «Отбасы банктің» тағы бір кеңес беру орталығы ашылды.

OtBasi

 

и шағынауданында орналасқан. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша жұмысын бастаған орталық «Бозарық», Қайтпас-1, Қайтпас-2, Асар, Шымсити, Тұран-1, Тұран-2 тұрғындарына қызмет көрсетеді. Енді тұрғындар депозит пен шот ашу және баспана алуға болатын мемлекеттік бағдарламалар туралы қала орталығына бармай-ақ, осы жерден кеңес алуына болады.
Бұл – «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы 14-ші кеңес беру орталығы.
– Кеңес беру орталығы қаланың жаңа – Шымсити шағынауданында, «Капитал сити» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Яғни, бұл орталықтан шалғай орналасқан шағынаудандар мен елдімекен тұрғындары үшін қолайлы. Бұл жерде тұрғындарға ипотекалық несиелеу мен жинақтауға байланысты түрлі мәселелер бойынша сапалы банктік қызметтер мен кеңестер беріледі. Орталықта оңтайлы қаржылық шешімдерді таңдауға және барлық сұрақтарға жауап беруге дайын тәжірибелі мамандар жұмыс істейдіз, – дейді орталық қызметкері Айнаш Сатимова.
«Отбасы Банк» ипотекалық несиелеуді қолжетімді және ыңғайлы етуді көздейді.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.