Баламасы жоқ бақ – Шымкентте Избранное

Пятница, 06 Ноябрь 2015 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2927 раз

Жасыл белдеудің көлемі 5 мың гектарға ұлғаяды

Атауы білдіріп тұрғандай, Шымкент әу бастан-ақ еліміздегі ең жасыл қаланың бірі де бірегейі. Дегенмен, бүгінде аумағы ұлғайып, жаңа шағынаудандар бой көтерген шаһарда жасыл белдеудің де ауқымын арттыру бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыру қолға алынды.


0a382454491a2822afb3edfb6056cca6

Қаламызда аумағы 200 гектарды құрайтын қоғамдық бақ құрылады. Аталмыш бақта алма, шабдалы, алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі. Сала мамандарының айтуынша, бұл Қазақстанның өзге қалаларында әзірге баламасы жоқ бақ болмақ. Сондай-ақ, бүгінде «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде, нақтырақ айтсақ, 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», 300-ге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелерінде жүргізілуде. Ал, «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі 2500 гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастапты. Сонымен қатар, жасыл белдеуге желтоқсан айына дейін 3 млн түп қарағаш егіледі. Бұл жұмыстарға 23 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Яғни, Шымкент қаласындағы жасыл желек 5 мың гектар алқапқа ұлғайып отыр.
Айта кетелік, «Жасыл аймақ» бағдарламасының аясында көшет отырғызу жалпықалалық сенбілік кезінде де жалғасын тапты. Ағаш отырғызу шарасына облыс және қала әкімдіктерінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы мен қала көшелеріне арша, емен және қарағайдың 800-ге жуық көшеті отырғызылды. Жыл соңына дейін қала бойынша 31 мыңнан астам түрлі-түсті қылқанды, декоративті және жай жапырақты ағаш түрлері егіледі деп жоспарлануда. Бұл ағаштар келесі көктемде қала келбетіне көрік қосары анық.

Последнее изменение Пятница, 06 Ноябрь 2015 05:58
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.