Ақпараттық кеңiстiктi дамыту маңызды

Понедельник, 25 Август 2014 03:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3597 раз

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Мемлекеттік бағдарлама мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, инновациялық және ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі, қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени тұрғыда дамуы үшін ақпараттық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелерін шешуге бағытталған.
Ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде қолдану бақылау жүргізу мәселесінде бірізділікті қамтамасыз етіп, бизнес - процестер мен мәліметтердің бір-бірін қайталауын болдырмайды. Бұл өз кезегінде бюджет қаражаты шығынын азайтуға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы және өзге де міндеттер бірқатар іс-шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Орта және шағын бизнес кәсіпкерлері, жұмыссыздар немесе жұмыспен жартылай қамтылған жастар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобы үшін де компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастырылады. Бұл курстарда азаматтарды компьютерді жалпы қолдану және мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқада алу машықтары үйретілетін болады.
Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында қажет кезінде телекөпірлер мен консилиумдар, саланың жетекші мамандарымен консультациялар ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қорғалған бірыңғай ақпараттық желі құрылады.
Билеттер электрондық нұсқада сатылатын бағдарлардың (рейстер мен бағыттардың) үлесі 2017 жылы - 40%-ды, 2020 жылы - 100% -ды құрайтын болады деп көзделуде. Қазақстандық телеарналардың таралу географиясы 2017 жылы - 100 елді қамтитын болады, ал 2020 жылы - 110-ға жетеді деп күтілуде. Ал, халықтың компьютерлік сауаттылығы 2020 жылға қарай 80%-ды құрауы тиіс.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.