Сейсмонығайту жұмыстары жүргiзiлуде

Понедельник, 25 Август 2014 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4832 раз

Қазіргі таңда, бүкіл дамыған әлемде ең қауіпті табиғат құбылысы – жер сілкінісі болып табылады. 1960 жылы Чилиде, 1964 жылы Аляскада, сонымен қатар, Түркия, Индия, Армения және Жапонияда қатты жер сілкіністеріне назар аударайық. Жер сілкінісі кезінде Жапония өзінің дайындығын жоғары дәрежеде көрсете білді.

 

Сондықтан, қала тұрғындары әрқашан қарапайым ережелерді білу қажет, ал ғимараттар мен ғимараттардың құрылыс конструкциялары нормаға сай болу керек. Біздің қала сейсмоқауіпті аумақта орналасқан. Осыған орай, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Жалпы қала бойынша шамамен 40 сейсмоқауіпты көпқабатты тұрғын үйлер анықталды. Сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу үшін, қала бюджетінен көп қаржы бөлуді қажет етеді. Қазіргі таңда, көп қабатты тұрғын үйлерге сейсмонығайту жұмыстарына жартылай қаржы бөлінуде. Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен 8 миллион 449 мың теңгеге 13 көпқабатты тұрғын үйлерге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтсақ:
- Абай ауданы бойынша: Асқаров көшесі №№29, 43 «А», Темірлан тас жолы №43 «А», Б.Момышұлы көшесі №23 «А»;
- Әл-Фараби ауданы бойынша: Әлімқұлов көшесі №26, Воладарский көшесі №5, Б.Момышұлы көшесі №№8, 8 «А»;
- Еңбекші ауданы бойынша: Уалиханов көшесі №198, Қаратөбе тас жолы №34, 18 шағынаудан №2, 16 шағынаудан №1, Төлеби көшесі №15.
Жоғарыда аталған көпқабатты тұрғын үйлерге «Легион Юг» ЖШС техникалық қорытынды жасауда.
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қала аумағында орналасқан сейсмоқауіпті көпқабатты тұрғын үйлерге сейсмонығайту жұмыстарын тоқтатуға болмайды деп есептейді. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

 

Ж. ОМАРОВ,
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының төтенше жағдайлардың
алдын алу бөлімінің аға инженері ө.қ.қ. аға лейтенанты.

Последнее изменение Понедельник, 25 Август 2014 06:04
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.