Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Атап айтқанда, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру; ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту; жас режиссерларды қолдауға арналған іс-шаралардың санын арттыру сынды ұсыныстар айтылды.
Қала басшысы мегаполис жастарының бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы қуантатынын жеткізіп, олардың барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.