Бекзат күрес – боз кілемде

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:01 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 6289 раз

Жеңіл атлетикалық манеж кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шаһарда ұлттық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар қолға алынғанын айтты.

670

 

– Қазақ күресін дамыту аясында республикалық турнир ұйымдастырылып отыр. Жалпы ұлттық спортты жаңғыртып, жастарға серпін беруді мақсат етіп отырмыз. Бұқаралық спортпен қатар қазақ күресін де одан әрі дамыту жұмыстарына басымдық беріледі. Алғашқы турнир 200-ден астам спортшының басын қосты. Боз кілемде шын мықтылар жеңсін! – деді қала әкімі.
Ұлттық спорттың төресі – қазақ күресінен қала әкімінің жүлдесіне арналған сайыс тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 2002-2004 жылы туған жастар арасындағы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан балуандар келген.

672


Тоғыз салмақ бойынша жарыстың алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпы командалық есепте Шымкент қаласы – бірінші, Жамбыл облысы – екінші, Қызылорда облысы үшінші орынға тұрақтады. Сайыста шымкенттік палуандар – Ерсұлтан Әбибулла (55 келі), Қабыл Нұрманов (66 келі), Нұрдәулет Бақтыбайұлы (78 келі), Санжар Нұрсейіт және Мирас Бақтыбай (90 келі) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, түйе палуандар арасында жерлесіміз Мейіржан Әбдімәліков бас жүлдеге ие болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.