ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ ТІРЕГІ Избранное

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 226 раз

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда азаматтардың конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін ұғынуға, жас жауынгер дайындығы деңгейінде қажет білім мен практикалық дағдыға ие болған болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ерекше мән беріліп отыр.

825

 

Бүгінгі таңда осы күрделі де құрметті мамандықты таңдап, Отан қорғаушылармен бір қатарда жүріп, өз өмірін армиямен байланыстыруға тырысатын жастардың белсенділігі мен тілегі ерекше қуантады.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев идеологиялық жұмыстың, атап айтқанда, азаматтардың бойында қазақстандық патриотизм мен жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. «Жастар – біздің үмітіміз және жарқын болашағымыз» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғаумен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру күн тәртібінен түскен емес. Қорғаныс саласының ардагерлері, әсіресе, қоғамдық мәселелерге, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде үнемі белсенділік танытып келеді. Өңір жастарымен «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» әскери-патриоттық акциясын өткізіп, өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесіне елеулі үлес қосып отыр. Сондай-ақ, аға буын ерлік сабақтарын, түрлі спорттық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, жастармен пікір алмасып жүр.
2022 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №597 Қаулысымен азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары бекітілді. Онда Қазақстан Республикасының азаматтарына әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі айқындалған. Қағида азаматтарда патриотизмді, рухани-адамгершілік қасиеттерді, бейбіт және соғыс уақыты жағдайында конституциялық және әскери борышқа адалдықты, жауапкершілік пен тәртіпті тәрбиелеуге және дамытуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары моральдық рухын қолдауға бағытталған. Үкіметтің осы қаулысын іске асыру идеологиялық және әскери-патриоттық тәрбие беру мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту саласын оң бағытта дамытып отыр.
Әскери-патриоттық жұмыс жүйесі орнатылған немесе қалыптасқан тәртіпті, бастапқы ұжым, топтан бастап жоғары басқару органдарына дейін оның барлық деңгейдегі тәрбие қызметінің мазмұнын көрсетеді. Жүйе әскери-патриоттық тәрбиеге әсер ететін барлық факторларды іс жүзінде кешенді есепке алуды қамтамасыз етуге, Қарулы Күштерді нығайтуға, міндеттерін орындау процесіндегі тиімділікті арттыруға ықпал ететін қажет жағдайлар мен механизмдерді жасауға арналған. Яғни, тәрбиенің осы бағыттағы бүкіл жүйесін ұйымдастыруды, оның жұмыс істеуін және тиімділігімен, түпкілікті нәтижелерін бақылауды қамтамасыз ететін негізгі институт мемлекет болып табылады. Сондықтан жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі — бұл мемлекет саясатының ұзақ мерзімді бағыттарының бірі болуы қажет.

Ринат МАДЬЯРОВ,
Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.