ЗАҢҒА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

Четверг, 29 Декабрь 2022 05:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 998 раз

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 26.01.2021 жылы № 412-VI Заңымен Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

 

Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» (әрі қарай- Заң) Заңның 4-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Осыған орай заңның 6-1 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «Электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру тәртібі арқылы жүзеге асырылады.
Осы ретте заңның 14- бабына сәйкес, Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу кезінде электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді-көшірме ұсынылады.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
Сонымен қатар, Заңның 14-2 бабының 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі және оның тәртібі мынадай:
2 тармақшасы- басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген).
6 тармақшасы- экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген.
7 тармақшасы- саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.

А.КАМАРДИНҰЛЫ,
Шымкент қаласының Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік
қамтамсыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.