Шымкент қаласындағы субъектілер санының негізгі көрсеткіштері

Пятница, 17 Март 2023 04:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 317 раз

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 27211 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 22040 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 26756, орта (101 ден 250 адамға дейін) – 316, ірі (250 адамнан жоғары) – 139, оның ішінде жұмыс істейтіндер тиісінше – 21595, 311 және 134 бірлік.

 

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдайды 2023 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда заңды тұлғалар санының көбейгені байқалады. Жыл басынан бастап ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саныкөтерме және бөлшек сауда да; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде сақталуда, оның үлесі 29,9% құрады. Екінші орында – құрылыс (15,4%), үшінші орында – өзге де қызметтер түрлерін ұсыну (11,9%). Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 57,2% құрайды.

 

Б.Туебакова,

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті

Тіркелімдер бөлімінің басшысы

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.