2022 жылдың тоғыз айында қалада 311,9 мың адамға қызмет ұсынылды, соның ішінде 25,1 мыңы резидент еместер, яғни шетелден келушілер. Сапармен келгендердің 23 мыңы жеке мақсатта, 2,2 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен келгендер. Қалаға келушілерге 5331,6 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.
Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі (мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда) 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5% артты.
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент
қаласы бойынша департаментінің қызмет көрсету саласы
статистикасы басқармасының бас маманы Елик Р.Т.