«Республика күні – ұлттық мереке»

Среда, 01 Ноябрь 2023 10:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 606 раз

Республика күні — ұлттық мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған соң, еліміздің еркіндік жолындағы аса маңызды жүйеленген саяси-құқықтық қадамы жасалды.

 

Бұл декларация — ел тәуелсіздігінің іргетасы. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналды. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық саяси, құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады.
Бұл акт арқылы әлем қартасындағы жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта аталып, мереке ретінде тойланады.
Республика күні — халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнады. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, Мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар жеке дара ел ретінде әлемге танылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің тарихи маңызын алға тартып, қайта жаңғырту керек екенін мәлімдеген соң, өткен жылы 29 қыркүйекте ұлттық мереке ретінде қайта бекіту туралы заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан — ұлттық мереке, ал Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан — мемлекеттік мерекеге айналды.

М.МАМАТАЕВА,
Шымкент қаласы Әділет
департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.