АЛИНҰР ЖІГІТ СҰЛТАНЫ

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 206 раз

Шымкенттегі «Жас Дарын-3» бастауыш мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «жігіт сұлтаны» байқауы өтті.

801

 

Өскелең ұрпақтың бойына қазықтың салт-дәстүрін, тарихын сіңіріп, тәрбие мен білімді ұштастыру мақсатында қолға алынған мәдени шараға 2,3,4 сыныптардан 17 жігіт бақ сынады. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. «Тегімді менің сұрасаң...» атты алғашқы кезеңде үміткерлер өзін қазақтың қара өлеңімен таныстырса, «Көңілі ояу, көзі ашық» кезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен тарихына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берді. Ал, «Кім мерген?» сайысында жігіттер асық атудағы ептілігін көрсетсе, «Өз өнері» кезеңінде сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміз бойындағы дарынын паш етті.
Байқауда барлық сыннан сүрінбей өтіп, оқ бойы озық шыққан 2 «а» сыныбының оқушысы Алинұр Бахаубеден бас жүлде иегері атанып, жігіт сұлтаны атанды.

«ШК»-ақпарат

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.