Әл-Фараби ауданы: Оңды іс «Ордабасы» алаңынан бастау алды

Пятница, 12 Апрель 2024 07:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 340 раз

al-farabi-ordabasy 2

Әл-Фараби ауданының тұрғындары #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасын Ордабасы алаңынан бастады. Аудан тұрғындары, белсенді жастар, мен еріктілер «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағының аумағы, «Қошқар ата» өзенінің жағалауы, алаңдағы жол үсті көпірі, «Жер Ана» монументі маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аялдамаларды жуу мен тазалау, ағаштардың түбін әктеу, шөп ору, абаттандыру жұмысына атсалысуда.

Экологиялық акцияға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы Б.Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев, белгілі опера әншісі М.Мұхамедқызы, қоғам белсендісі А.Бесбаев, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар, еріктілер және басқа да азаматтар белсенді атсалысып жатыр.

– Қазақта «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген әдемі сөз бар. Дәл осындай еңбек жиыны, қаланың экологиясына пайдалы тазалық акциясы дер кезінде қолға алынып отыр. Белсенді жастар мен қазыналы қариялар атсалысып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосуда. Шымкент әрдайым «шырайлы қала» статусына сай көркейіп, абаттана береді деп сенеміз, - дейді Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев.

al-farabi-ordabasy 3

Жиын барысында қалалық мәслихат төрағасы Б.Нарымбетов пен опера әншісі М.Мұхамедқызы да акцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, белсенділігімен көпке үлгі көрсетті.

Айта кетейік, қала бойынша тазалық жұмыстарына 4500-нан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

al-farabi-ordabasy 1

Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.