МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ СЕНІМІ

Среда, 22 Май 2024 04:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 96 раз

Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талап қойылатыны баршаға мәлім.

 

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік келбетіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың мінез-құлқының қағидаттары мен базалық стандарттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде» (бұдан әрі - Кодекс) көрсетілген. Кодекстің басты бағыты – мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу.
Кодексте мемлекеттік қызметшілердің өз қызметіне қатысты жалпы нормалар мен қағидалар айқындалған. Бұл нормаларды мемлекеттік қызметте жұмыс істей бастаған әрбір мемлекеттік қызметші сақтауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жауапты қызмет етуіне, өз міндеттерін шынайы атқаруына, азаматтармен және жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық сақтап, құрметпен қарауды, қарапайымдылық, сөйлеу және мінез-құлық мәдениетін сақтауына, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуіне, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануына, кішіпейілділік танытуына ерекше мән беріледі.
Кодекс жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа жақтарын да қамтиды. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуы тиіс.
Сондай-ақ, Кодексте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық қарастырылған. Бұл ретте, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

М.ЖАҢАБАЕВА,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика
бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.