– Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – оқу жылында атқарған жұмысымызды қорытындылап, оқушыларымыздың шығармашылық жетістіктерін көрсету, – дейді №65 мектеп-гимназия директоры Алмас Серікұлы.
Концертте «Балбырауын», «Атамұра», «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі, халықаралық және республикалық би байқауларының жеңімпазы «АрмандаStar» би ансамблі, «Тыңда», «Қазақстан дауысы. Балалар» телевизиялық жобасының қатысушылары, «Бала дауысы» байқауының лауреаттары, «Азия таланттары» халықаралық өнер байқауының жүлдегерлері, «New Stars» квартеті өнер көрсетті. Сондай-ақ мектептің танымал түлектері де сахнада әннен шашу шашты.
Гүлнұр БАЛАБАСОВА