ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ Избранное

Среда, 19 Июнь 2024 06:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 418 раз

Шымкентте жеңіл атлетика спорт кешенінде өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының VII турнирінің жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары арасында 4 күнге жоспарланған сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпы спортшылар төрт дисциплина бойынша бақ сынады.

ORTSS

 

Турнирде спортшылар жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша сайысты. Жарыстың екінші күнінде командалар оқу мұнарасының 2, 3, 4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу және одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша бәсекелерден өтті.
Турнирдің салтанатты жабылу рәсімінде ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпы командалық есепте 1-орынды Астана қаласы, 2-орынды Қызылорда облысы, 3-орынды Ақтөбе облысының құрама командалары иеленді.
Ал, әйелдер арасында Түркістан облысы 1-орын, Астана қаласы 2-орын, Алматы қаласының құрама командасы 3-орынға ие болды.
Шымкент қаласының әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдан 3-орын алды.
Жеке және командалық сайыстың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаларға кубоктар табыс етілді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.