Испандық технологияның игiлiгi көп

Пятница, 17 Апрель 2015 09:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3417 раз

DSC 0024Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында Шымкентте тағы бір жылыжай кешені ашылды. Аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай алғашқы өнімдерін де беріп үлгерді. «ҚазАгроном» ЖШС-нің басшысы Мұрат Гелиашвилидің айтуынша, жылыжай испандық технологияның негізінде құрылған.

Қала маңындағы Мәртөбе елді мекенінде бой көтерген жылыжайда қазір 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Кешенге қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 27,9 млн. теңгеге газ құбырымен электр желісі тартылып, автокөлік жолы да салынған.

Жоба «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан 754,6 млн. теңге көлемінде қаржыландырылған. Қалған 264,4 млн. теңге «КазАгроном» ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен жұмсалып отыр. Кешеннің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғани Құрманбай, ауыл тұрғындары да қатысып, кәсіпкерлердің қуанышына ортақтасты.

Құрылысы өткен жылғы мамырда басталған кешеннен бүгінде алғашқы өнімдер жиналып, нарыққа шығарылып жатыр. Жылына 1400 тонна қиярмен қызанақ өсіруге қауқарлы. Мұрат Қошқаров жобаны іске асыруға кеткен шығын 4-5 жылда өтелетініне сенімді. «Әзірге, тек қияр өсіруді қолға алдық. Нарыққа үш түрлі қиярды шығарып жатырмыз: МEWA, Святогор және Кибрия. Алғашқы терім 4 наурызда басталған, қазірге дейін 110 тонна терілді» – дейді ЖШС басшысы Мұрат Гелиашвили.

Испандық «Rufepa» технологиясы тотығуға қарсы жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Жылыжай күн сәулесін толыққанды өткізеді және тиімді конденсацияланады. Облыс бойынша жылыжайлардың жалпы көлемi 910 гектарға жетті. Бұл – елiмiздегi көрсеткiштiң 87 пайызы. Былтыр өңірдегі жылыжай шаруашылықтарынан 150 мың тонна өнiм жиналған болатын.

 

 

Тағабай ҚАСЫМ

Последнее изменение Пятница, 17 Апрель 2015 09:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.