Сталинградты қорғаған

Пятница, 08 Май 2015 05:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3299 раз

Шымкент қаласының  тұрғыны Балбек Досымұлы  сұрапыл соғыс майданына 1942 жылдың 10 маусымында аттанады. Сол жылдың тамыз айында неміс басқыншылары  Сталинградты бомбылауға кірісті. Әуеде немістердің жүздеген ұшағы  үстін-үстін қаланы бомбының астына алды. Бұл кезде фельдмаршал Паулюстің 6-шы  армиясы Сталинградқа кіріп, жойқын соғыс жүріп жатты.

32Советтік әскер жауынгерлері де аянып қалған жоқ. Оларға зениттік артиллерия қарсы тұрып, жаудың 96 ұшағын атып түсіреді. Осы қан майданда жауға қарсы тұрғандардың қатарында жиырма жасар Балбек те бар болатын. Сталинград майданында генерал Еременконың 62-ші армиясы соғысып жатты. Ал, Балбек Досымұлы осы армияның 124-ші жеке атқыштар бригадасының миномет батальонында «наводчик» еді. Сталинград үшін шайқастағы әрбір сәт, күн мен түн, кеңестік жауынгерлердің қаһарман ерлігі, қайтпас қайсарлығы үлгі ретінде тарихтан орын алды. Отқа оранған Сталинград майданындағы есте қалған ең ерекше ұрыс кезеңі 1943 жылдың  қаңтардың 27-дегі шешуші шайқас сәті еді. Сол шайқаста Балбек Досымұлына снаряд жарықшақтары тиіп, ауыр жарақат алады. Дегенмен, қазақтың ер мінезді, қайсар азаматы қансырап жатқанына қарамай, 40 градус аязда жаралы жалаңаш қолымен снарядтарды оқтап, 4-батальоннан тірі қалған жалғыз өзі жауға үздіксіз оқ жаудырумен болды.
Елге оралған соң, Балбек қария мектепте 50 жыл ұстаздық қызмет етіп, 1992 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. Майдан даласындағы қазақ жауынгерінің ерлігі елеусіз қалмады. Оның Ұлы Отан соғысына қосқан ерліктерінің жемісі ретінде берілген орден-медальдары  немере-шөберелеріне, Балбек қарияның ұрпағына өмірлік  мирас болып қалды. Өткен жылдың 5 мамырында өмірден озған қария арамызда болғанында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін де өз көзімен көре алар еді деп еске алады бүгінде Досымовтар әулеті.       

Болат Жақсыбайұлы,
№62 жалпы орта
мектебінің мұғалімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.