Бас имам ауызашар бердi

Пятница, 10 Июль 2015 07:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5972 раз

Шымкент қалалық А.Қаттани мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұйымдастыруымен «Кәусар» дәмханасында ауыз бекіткен мұсылман қауымға ауызашар берілді. Сауабы мол шарапатты шараға Алланың парызын өтеген ел тізгінін ұстаған азаматтар мен ардагерлер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Дін өкілдері ауыз бекіткен жандарға жайылған дастарханға ақ батасын беріп, құран оқыды.

11695006 1677960302423964 9098657223107082074 nОблыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали ораза ұстаушыларға қабыл болсын айтты.
Қалалық мешіттің өкілдері адамдарды туыстай қауыштыратын, мейірімділік пен қайырымдылыққа бастайтын басқосу береке-бірлік пен жұртшылықтың ауызбіршілігін нығайтатынын сөз етті. Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз айтып, сауапты айда құлшылық-ғибадатты арттыруға үндеді.
Сондай-ақ, игілікті шарада облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова,  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай ізгі тілектерімен бөлісіп, Ораза тұтқан жамағатқа ауызшар дастарханын жайған бас имамға алғысын білдірді.

Последнее изменение Четверг, 16 Июль 2015 05:29
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.