Жылдың ең ыстық күндерi тiркеледi

Пятница, 17 Июль 2015 04:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6362 раз

Осы аптада ел аумағында аптап ыстық күндер басталды. “Қазгидромет” орталығы шілденің 16-сы мен 18-нің аралығында осы жылдағы ең ыстық күндер тіркеледі деп мәлімдеді.

jara33º-тан 44º-қа дейінгі жоғары температурамен Қазақстанның көптеген аудандарында орныққан ыстық ауа-райы республикамыздың оңтүстік және шығысында сақталады. Күннің қатты ыситыны соншалық, ауа температурасы түнгі уақыттарда 30º-тан түспеуі мүмкін.  
–  Облыс көлемінің кей жерлерінде, яғни шөлді аудандарда 46 градусқа дейін күн ысыды. Таулы аудандардағы 39-40 градус температураның өзі апатты деп есептеледі. Ал, Шымкент қаласы бойынша орташа 42-43 градусты көрсетті, – дейді инженер-синоптик А.Маханова.  
Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстық Орталық Азия мен Иран аумағынан оңтүстік-батыстағы ауа ағымдарымен келіп жатыр. Сондай-ақ, күн райының қолайсыздығына қатысты мамандар өрт қауіпсіздігін сақтауды ғана емес, сонымен қатар егде жастағы адамдарға жол жүріп, сапарға шығудан бас тартуға кеңес беруде. Шіліңгір шілденің қызу мінезі қан қысымы жоғары кісілердің жедел жәрдемге жүгінген көрсеткішін де күрт жоғарылатып отыр. Сондықтан, дәрігерлер ыстық күндерде суық тигізіп алмау керектігін ескертеді. Яғни, дүниені күйдіріп бара жатқан ыстық кезінде үйде немесе көлікте кондиционер қосып, оның суығын өткізіп алу – одан да қауіпті дейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.