Ретсiз сауда орындары болмауы тиiс

Пятница, 14 Август 2015 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3737 раз

Заңсыз дүңгіршектер мен ретсіз сауда орындарымен күрес жұмыстары Абай ауданында да қызу жүргізіліп жатыр. Сәуір айынан бері бұл ауданда белгіленбеген орындарда орналасқан 108 дүңгіршек анықталып, оның 65-і орнынан алынған.

retsiz sauda 33Рейдтік іс-шара барысында Абай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров қалған дүңгіршек иелеріне жазбаша ескертулер беріліп, өз күштерімен алып тастау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
– Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» 204-бабына сәйкес 790 хаттама толтырылды. Дүңгіршек иелеріне 1,5 млн теңгедей айыппұл салынып, оның  785 мыңнан астамы өндірілді. «Қызыл сызық» үстінде орналасқан сауда орындарына қатысты жұмыстар әлі де жалғасады, – дейді Ерлан Нұрланұлы.

Ә. ӘБУ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.