Тәртiбiн түзетуге көмектеседi

Пятница, 07 Август 2015 05:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4811 раз

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/4 түзеу мекемесінде сотталған азаматшалар арасында жазғы спартакиада  басталды. Жарысқа жазасын өтеуші әйелдер бес спорт түрі бойынша қатысуда. Сайыстың ашылу салтанатында мекеме басшылары сөз сөйлеп, қалалық Мәдениет үйі шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасын ұсынды.


ИЧ-164/4 түзеу мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Адилбекованың мәлімдеуінше, 5 тамызда басталған спартакиада  20 тамызға дейін  жалғасады.

– Елбасы Н. Назарбаевтың салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі тапсырмасына орай спорттық іс-шараларды ұйымдастырылуда. Мақсат – жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, – дейді әділет майоры А. Адилбекова.

Мекеме қызметкерлерінің  айтуынша,  мұндай спорттық шаралар сотталған азаматшалардың тәртібін түзеуге септеседі. Темір тордың арғы жағындағылар бұндай сайыстарға ерекше ықыласпен қатысады.

Спартакиаданың жүгіру, теннис, шахмат, дойбы, волейвол сынды спорттың бес түрінен  сайысқа түскен үздіктер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталады.  Қазіргі  таңда  әйелдер колониясында  217 нәзікжанды жазасын өтеуде.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.