Дайындық жұмыстары пысықталуда

Пятница, 18 Март 2016 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3206 раз

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына дайындық жұмыстары аяқталады. 20 наурыз күні өтетін сайлау науқанына қатысатын үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын осы аптада аяқтайды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 15 наурыздағы мәліметі бойынша, сайлауалды науқаннан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткер ретінде тіркелген 140 азамат шығып қалды. Оның ішінде 31-і облыстық, 55-і қалалық, 154-і аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер. Қазіргі таңда комиссия мүшелері сайлау учаскелеріндегі дайындық жұмыстарын пысықтауда.
Құқық қорғау орындары да сайлауға қатысты жұмыстарды барынша бақылауға алды. Облыстық ішкі істер департаменті құрылым өкілдерімен, ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаты сайлауын өткізу барысында құқық бұзушылықтар орын алмауын қадағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, облыс аумағында 16 округтік, 50 аумақтық және 1074 сайлау учаскелері бекітілген. 2016 жылғы 18 наурыздан бастап ішкі істер қызметкерлері барлық сайлау учаскелерін тәулік бойы бақылайтын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.