Өтініш беру жеңілдеді

Пятница, 24 Февраль 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3952 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері «ХҚО» мобилді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді смартфондағы бейнеқоңырау функциясы арқылы қалай алу керектігін түсіндіріп берді.

Шымкенттіктер енді қашықтан жұмыссыздық, жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны алуға өтініш бере алады, АХАТ-тан куәліктердің көшірмесі мен анықтамаларды сұратуға мүмкіндік бар. Сондай-ак білім тұралы құжаттардың телнұсқаларын, жоғары сұраныстағы анықтамаларды ( соттылықтың болмауы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, зейнетақы аударымдары туралы және т,б.) рәсімдеп, тіпті тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуден шығарып, ЭЦҚ алып, әлеуметтік төлемдер тағайындау және әлеуметтік көмек тағайындау сияқты т.б танымал 37 қызмет түрін алуға мүмкіндік жасалды.

Қосымшаның тағы бірнеше функциясы арқылы уақыт үнемдейсіз. Клиент ХҚО-ға онлайн кезекке тұрып, QR-кодтың көмегімен талон алады. «ХҚО» мобильдік қосымшасын пайдалану үшін Digital ID немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмір арқылы кіруге болады. Қосымша Play Market және App Store – де қолжетімді.

Бүгінгі таңда шымкенттік ХҚО операторлары бейнеқоңырау арқылы 2 569 қызмет көрсетіп, 132 ЭЦҚ берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.