Алимент өндіру бойынша 13 532 құжат орындалған Избранное

Пятница, 26 Август 2022 05:24 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1680 раз

Шаһарда Әділет департаментінде алимент өндіру бойынша 13 532 құжат орындалған. Бұл туралы қалалық Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бағдәулет Қалдашұлы мәлімдеді.

5

 

–Бөлімнің міндеті – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Шымкент қаласының Әділет департаментінің регламенттерін, құжаттама жасаудың, оны басқарудағы қағидасының талаптарын, бұйрықтарын, нұсқауларын, нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарын, бөлімнің ережесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа ала отырып жүзеге асыру», - дейді бөлім басшысы.
Б.Қалдашұлы департаментте жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізулерінің заңдылығын бақылауда жыл басынан бері 363 684 құжат келіп түскенін, орындалғаны 100 442 құжат екенін атап өтті.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – алимент өндіру ісі. Бұл бойынша 13 532 құжат қаралып, 1 462-і орындалып, 12 070 құжат әлі өндірісте екен. Борышкердің айлық-жалақы құжаты бойынша 6 084-нен ұсталынса, соңғы үш айдан бері 667-сі өндірілмей қалған. Ал бұлардың қарыз берешек сомасы 697 155 906 теңгені құраған. Қазіргі таңда соттың ұйғарымына сәйкес кейбір борышкерлерге қатысты іздеу жарияланғандықтан 333 іс тоқтамға алынған. Әкімшілік жауапкершілікке 124 азамат тартылса, республика аумағынан 230 тұлғаға шектеу қойылған.
–Мемлекет пайдасына жалпы сома өндіру көрсеткіші 31 млрд құраған. Әкімшілік және қылмыстық істерге қатысты борышкерлердің мүлкін тәркілеу бойынша 88 құжат түсіп, оның 76-сы орындалған. Яғни жыл басынан өндірілген атқарушылық санкция 21 298 890 теңгеге жуықтаған, – деді Б.Жұмаханов.
Еңбек жалақы өндіру бойынша 159 құжаттың 64-і аяқталған. Яғни, 914 840 теңге жұмысшылардың пайдасына төленген.