Сырттай бағалау сапаны көздейдi

Пятница, 03 Апрель 2015 07:02 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5039 раз

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілген болатын.

1406720224 30baykonyr1Білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте (9 сыныптан кейін) – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылатын ОЖСБ негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен ауытқымайды.
9 сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі  пәні және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет. Әрбір пән
бойынша тест тапсырмаларының саны – 20. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі. Мектептердегі оқу бағдарламасының игерілуі таңдау бойынша бағаланады: жаңа тестілеу бағдарламасы оқу мекемелерінің шамамен 20% жүргізіледі.
Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, ата-аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады. 

Ы. МӘдиев,
Шымкент қаласы білім бөлімінің
басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.