Тарихпен үндескен кітапхана

Среда, 25 Сентябрь 2024 06:43 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 407 раз

kitapxana

БиылА. С. Пушкинатындағыкітапхананыңқұрылғанына 125 жылтолыпотыр. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Кітапхана: Іздену. Жаңалық. Болашақ» тақырыбымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

БұданбіршамауақытбұрынқалаәкіміҒабитСыздықбековбұлмәденинысандыөзібарыпаралап, кітапхананыңжұмысыментанысыпқайтқанболатын. 2022 жылы жөндеу жұмыстарымен жаңғырған нысанда бүгінде оқырмандарға заманауи талапқа сай ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызметтер көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда кітапханада 11 құрылымдық бөлімше мен оқу залдары, абонемент, өнер, көрме залдарымен қатар американдық бұрыш және келушілер үшін арнайы кофехана жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінде бұл мәдени ошақ оқырмандар үшін жайлы, бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, эстетикалық мәдениетті қалыптастыратын ортаға айналған.

Ғылыми-практикалық конференция өткізудегі басты мақсат - Шымкент қаласының тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік қолтаңбасы бар рухани орда – А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың өткенін зерделеп, келешекке бағдар түзу. Қала тұрғындарының оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты кітап оқуға баулу, қоғамда кітапхана орны мен кітапханашы имиджін қалыптастыру.

Жиынға ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан елдерінен кітапхана өкілдері, зиялы қауым, ақын-жазушылар, еліміздің облыстық, қалалық, аудандық көпшілік кітапхана қызметкерлері мен кітапхана ардагерлері қатысты. Конференцияға келген қонақтар мен шетел делегаттарына кітапхананың тыныс-тіршілігі және көрме экспозициялары таныстырылды.

Салтанатты кеште Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов сөз алып, кітапханашыларды мерейтоймен құттықтады.

- Бүгінгі болып жатқан іс-шара -бұл біз үшін, кітапхана оқырмандары үшін ұлы той. Дүбірлі той. Мұндай атаулы мерекені көз жұмып, елеусіз қалдыруға болмайды. Қаламыздың мәдениетінің дамуына, өркендеуіне бірден бір ықпалы тиген, көп жылдық тарихы бар бұл кітапхананың бізге де, келер ұрпаққа да әлі берері мол,- деп сөзін аяқтаған ол әкімдіктің атынан кітапхана қызметкерлеріне құттықтау хаттарын табыс етті.

Сонымен қатар, кеш қонақтарына сан жылдық тарихы бар кітапхананың өмірі мен жай-жапсары түгел қамтылған деректі фильм ұсынылды.

Конференцияда Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Дмитрий Александрович Тураев, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі Момбек Әбдіәкімұлы құттықтау лебіздерін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне алғыс хат ұсынып, директор Наталья Романоваға арнайы марапат-сыйларын табыстады.

Сондай-ақ, көпжылдық тарихы бар бұл кітапхананың жақында ғана жарыққа шыққан «Тарихпен үндескен кітапхана» кітабының тұсауы кесіліп, кешке келген өнер иелері ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Э.Сәрсенбайқызы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.