КҮН ТИЮ МЕН ЫСТЫҚ ӨТУДЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?
Пятница, 12 Июль 2024 06:36Жылдың ең ыстық уақытында адамдар көп уақытын сыртта өткізуіне байланысты жиі күн тигізіп, ыстық өтуіне ұшырайды.
Ыстық өту адам ағзасына артық ыстық ауаның және инфрақызыл сәуленің түсуінен туындайды. Ал, күн тию – бұл күн сәулесінің қызуы нәтижесінде адамның миына жоғары температура әсер ететін жылу соққысының жеке жағдайы. Яғни, ыстық өту және күн тию екі түрлі нәрсе. Ыстық өту – ыстық пен күннің бүкіл ағзаға әсері, ал күн өту – тек басқа әсер ету.
Күн және ыстық өтудің белгілері:
– самайда пульсация сезіледі;
– терінің, әсіресе, беттің қызаруы;
– жүрек соғысының жиілігі минутына жүз немесе одан да көпке дейін көтеріледі.
Сондай-ақ, болуы мүмкін жағдайлар:
– дене қызуының 40°С дейін көтерілуі;
– әлсіздік, ұйқышылдық;
– бастың айналуы, құлақта түрлі шулар;
– жүрек айнуы, құсу.
Күн және ыстық өткен кездегі алғашқы көмек:
1. Зардап шегушіге қолайлы жағдайлар жасау: көлеңкелі салқын жерге апару, белдігін босату, жағасындағы түймесін ағыту, галстугін, аяқ киімін шешу, ауа айналымын қамтамасыз ету: желдеткішті, кондиционерді қосу, қолда бар нәрсемен желпу.
2. Ағзаны тез салқындату: зардап шегушіні салқын ваннаға жатқызу немесе салқын сумен дымқылданған сүлгімен орау. Жылынып кеткен сүлгіні ауыстырып отыру. Басына, алақанына, шаптың арасына, қолтық арасына мұз салынған пакетті, автокөліктегі медициналық қорапшадағы термопакетті, болмаса мұздатқыштағы мұздатылған кез келген затты қою керек. Адам ағзасын кем дегенде 38,5°С-қа дейін салқындату керек, әрі қарай ағза өзі күреседі.
3) Жоғалған сұйықтық мөлшерін қалпына келтіру: қарапайым немесе минералды су ішу, лимон қосылған тәтті шай да болады. Қажет болған жағдайда жүрекке тікелей емес массаж және жасанды тыныс алу сияқты жедел реанимациялық шараларды жүргізу үшін дайын болу керек. Қолда нашатыр спирті болғаны жөн. Барлық жағдайларда, егер жағдай қауіп төндірмейтін болса да, зардап шегушіні аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізу немесе 103 қызметіне жүгіну қажет.
Ыстық және күн өтуі болмау үшін ұсынылады:
Ыстық жағдайда жұмыс істейтіндердің барлығының ауыз суға қолжетімділігі болып, сұйықтықты көп ішу тиіс. Ыстықта қарқынды буланудан организм көп мөлшерде сұйықтық жоғалтып, соның нәтижесінде қан қоюланады, бұл жағдай тек жылу реттеудің бұзылысына ғана емес, сонымен қатар инсульт пен инфарктке де душар етуі мүмкін. Ағзадағы тиісті тұз балансын қамтамасыз ету үшін минералды су немесе арнайы су-тұз ерітіндісін ішу қажет.
Күн астында жұмыс істеу кезінде міндетті түрде бас киім киіп жүру керек. Ыстықта және күн астында жұмыс істеген кезде жүйелі түрде кішкене үзіліс жасап отырған дұрыс, бұл үшін арнайы панажайды салқындатқыш құралмен (кондиционермен), басқа да еріксіз желдету жүйесімен жабдықтау қажет.
Б.ДҮЙСЕНБАЕВ,
ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Шымкент қаласы бойынша «Қызыл әскер» трассалық-медициналық құтқару тірегінің
фельдшері
Қолөнершілер мен суретшілер өнерін ортаға салды
Пятница, 12 Июль 2024 06:35Шымкент қаласының Арбатында жергілікті суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Онда шығармашылық саладағы 50-ге жуық шебер өз жұмыстарын көпшілікке ұсынды.
ОЛ ЖАҢБЫРДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ...
Пятница, 12 Июль 2024 06:33Шымкент зообағында зубр төлдеді
Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр. Шымкент зообағындағы ерекше жануардың бірі, қуызмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы жануар – зубр төлдеді.
Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» алғашқы ойында тең түсті
Пятница, 12 Июль 2024 06:32ъШымкенттік клуб былтыр ел біріншілігінде тұңғыш мәрте чемпион атанды. Нәтижесінде биыл алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал «Петрокуб» командасы 1999 жылы құрылған. Бұл клубта да өз елінде алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
Шымкенттік команда өз алаңында өткен Молдованың «Петрокуб» клубымен ойында алғашқы минуттан шабуыл шебін күшейуге тырысты. Соған қарамастан молдовалық футболшылар оған мүмкіндік бере қойған жоқ. Командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Әсіресе, шымкенттік клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Кейбір сәтте молдовалық қақпашы орнынан табылса, ендігі бірінде «Ордабасы» футболшылары тарапынан дәлдік жетіспей жатты. Осылайша бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде де алаң иелері басымдықты арттыруға тырысты. Дегенмен екі команданың да есеп ашуға мүмкіндігі жетпеді. Осылайша командалар 0:0 есебімен тең тарқасты. Қарымта кездесу 17 шілдеге белгіленген.
ЕРІКТІЛЕР ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Четверг, 11 Июль 2024 15:28Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және «Jasyl el» еңбек жасағы бірлесе отырып, «Таза Қазақстан» акция аясында «Қошқар ата» өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.
«ӨЗ ЕЛІҢДІ ТАНЫП БІЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕРІКТІЛЕРДІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА ЖАСАҒАН ЭКСКУРСИЯСЫ
Четверг, 11 Июль 2024 15:24Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Игі істер» марафоны аясында «Өз еліңді танып біл» тақырыбында ерікті жастар «Ибрахим ата» кесенесіне экскурсияға барып қайтты.
«ӨЗ ЕЛІҢДІ ТАНЫП БІЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕРІКТІЛЕРДІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРҒА ЖАСАҒАН ЭКСКУРСИЯСЫ
Четверг, 11 Июль 2024 15:24Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Игі істер» марафоны аясында «Өз еліңді танып біл» тақырыбында ерікті жастар «Ибрахим ата» кесенесіне экскурсияға барып қайтты.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ
Среда, 10 Июль 2024 07:01Әзербайжан, Шуша қаласы
Мемлекет басшысы өз сөзінде, ең алдымен, саммиттің «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» деген тақырыбы барлық елдің мүддесіне сай келетінін атап өтті. Сондай-ақ аталған басқосу түркі елдерінің игілігін көздейтініне, дамудың тың бағыттарын айқындайтынына және бауырластық байланысты нығайтып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететініне назар аударды.