ШАПИТО ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ҚУАНТТЫ

Четверг, 16 Март 2023 09:12 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2698 раз

 

 Демалыс шымкенттіктер үшін көңілді өтті. Павлодардан келген Ringo Star циркінің өнерпаздары көрерменге қуаныш сыйлады.

352

 

Павлодарда құрылған Шапито-Ringo Star циркінің меңгерушісі Ринат Фахрнуров Шымкенттен бастау алған бұл бағдарлама әрі қарай кіші аудандар мен оңтүстіктің барлық қалаларын аралайтынын айтты. Ал, былтыр гастрольдік сапар солтүстік өңірлерде өткен екен.
Өнерпаздар Шымкентке қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының шақыртуымен келіпті. Бағдарламаның ашылуына орай ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясын жасауды да ұмытпады. Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері 6506 әскери бөлімше командирі ұйымдастырған арнайы көлікпен келіп, бағдарламаны тамашалап мәз-мейрам болды.
Цирк бағдарламасы Ніл аллигаторлары, амазониялық анакондалар, кірпі, жанат, үйретілген ит-мысықтардың қойылымдары мен экстремальді шоумен айшықталды. Кішкентай көрермендерге түрлі сыйлық үлестірілді.
Айта кетейік, өнер ұжымы «Фосфоршылар» мәдени орталығының жанында 11 наурыз — 2 сәуір аралығында өз көрермендерін күтеді.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.