Төл мерекенi қалай тойлаймыз?

Пятница, 18 Март 2016 05:51 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4414 раз

nauryz-2016-2

Күн мен Түннiң теңесiп, Жаңа күннiң келер басы – Наурыз мейрамына санаулы күндер қалды. Жаңару мен жасарудың басы саналатын Жылбасы Оңтүстікте қалай тойланады? Мәдени шаралармен шектеліп жүрген жоқпыз ба? Ұлттық мерекені қалай атап өткен жөн? Осы сауалдарға жауап іздеген едік.

bzhanadilБолат ЖАНӘБІЛ, 
облыстық жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

Көшет егудi дәстүрге айналдырайық!

– Наурыз Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Өңірімізде ұлттық мереке жоғары деңгейде өткізілуде. Ертеде жыл басы Наурыз мейрамын ел болып тойлаған. Әсіресе, жастар жағы белсенділік танытып, Ұйқыашар түнін өткізіп, таң шапағатын бірге қарсы алатын болған. Күндізгі уақытта қөгалдандыру жұмыстарымен айналысып, ағаш отырғызып, көшет еккен. Қызықты думан әрі қарай ұлттық ойындармен, ақындар айтысымен өрбіген. Сондықтан Наурыз мерекесін ағаш отырғызудан бастап, халықтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру керек. Әр жанұя көшет отырғызуды отбасылық дәстүрге айналдыруы тиіс деп санаймын. Наурыз мерекесiнде ағаш отырғызумен қатар, көшелердi, үйлердiң айналасын тазалауды да қолға алу қажет. Наурыз сайын шағынаудандар мен көшелер арасында тазалық шаралары өткiзiлсе, үйлер үлгiлi ұсталар едi, көше, аулалар таза болар едi. Ал тазалық – денсаулық кепiлi екенi айтпаса да белгiлi.

 


urailkhanҮрәйлхан СЕЙІЛБЕКОВА,
опера және балет театрының әртісі:

Ұлттық құндылықтар дәріптелуі тиіс

– Жыл басы Наурыз мерекесі жер ананың жаңарып, адамзатқа шуақ сыйлайтын кезі. Әдетте отбасымызбен төл мейрамға алдын ала дайындаламын. Ұлттық тағамдар Наурыз көже, бауырсақ пісіремін. Туған-туыс, көршілеріммен амандасып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Дегенмен мейрамда концерт қойып, киіз үй тігумен шектелмеуіміз керек. Ұлттық мерекені салт-санамен, ұлттық дәстүрмен айшықтаудың жолы бар. Неге ұлттық әндер байқауын өткізбеске? Қазір қобыз үні құмығып естіле бастады. Қобыз фествалін өткізсек, ұлттық аспапқа құрмет артар еді. Қымыз, шұбат жасаушыларды таныстырсақ, оның қасиетін насихаттасақ, бұл бастамаларды көпшілік те қолдайды деп ойлаймын.

 

Мерекенің маңызы болу керек

daurenДәурен АЙМАНБЕТОВ,
ақын:

– Бұл мерекенiң өзiндiк орны бар. Табиғат өзгерiп жатқан уақытта келетiн жақсы дәстүр деп айтуымызға болады. Бүгінде қазақ екенімізді көрсетіп, киiз үйдi тігіп, ұлттық киім киіп жүрміз. Бiз осымен ғана шектелетiн болсақ, Наурыздың  мағынасын аша алмайтын сияқтымыз. Осы орайда жылды қорытындылауды Наурыздан бастаған жөн. Жылдың үздiк адамын таңдап, жылдың таңдаулы шығармаларын Ұлыстың күні анықтасақ, нұр үстіне нұр болар еді. Наурыз дегенiмiздiң өзi Достықтың, Ырыстың, Береке мен Бiрлiктiң мерекесi емес пе?!   Осы үрдіс осы наурыз айында жүзеге асса, мерекенiң маңызы артар едi.

Последнее изменение Пятница, 18 Март 2016 06:11
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.