Цирк сахнасында – «Наурыз-думан»

Пятница, 18 Март 2016 06:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3682 раз

Оңтүстік Циркте «Наурыз –думан» шоу-концерті өтті. Өнер ұжымымен бірге облыстық қуыршақ театры және Ы. Алтынсарин атындағы кітапхананың қызметкерлері балаларға жаңа қойылымдар ұсынды. Тың жоба жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға үндейді, ал ертегілер мен ғажайыптар әлемі Наурыз мерекесін насихаттайды.

zhyl vasyШоу-концерт балаларды таң-тамаша қалдырды. Қос шығармашылық топтың бірлескен жаңа қойылымдары кішкентай бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті. Қолға үйретілген аңдар, көңілді сайқымазақтар мен акробаттар концерттің ажарын аша түсті. Әсіресе «Он екі жылдың таласы» атты жаңа қойылым бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады.
– Біз театрда көрермен алдында ғана ойнасақ, цирк аренасында сахна ортақ. Көрермен жан-жақтан тамашалап отырады. Сондықтан біз рөлге енуге тырыстық. Дегенмен сәл қиындау болғанын жасырмаймын. Жыл иесі мешіннің еңбекқорлығы мен болмысын көрерменге жеткіздім деп ойлаймын, – дейді облыстық қуыршақ театрының әртісі Ақберді Мұсақұлов.
Өнер ұжымдары «Наурыз-думан» жобасын кішкентай көрермендеріне ұсыну үшін 1,5 ай бойы дайындалған. Ал облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері жас оқырмандарға көрме ұйымдастырып, кітап оқуға шақырды.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.