Ұстаздар – ұлттық киімде

Четверг, 17 Март 2022 05:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2185 раз

Үшінші мегаполистің мұғалімдері жаңа бастама көтерді. Мектеп оқытушылары мен балабақша тәрбиеленушілері өскелең ұрпаққа тәрбие беру үрдісін ұлттық киімде жүргізуде.

Ulttyk kiim 2

Бұл бастаманың авторы – №135 мектептің директоры Берікбай Михеев. Осылайша білім ордасының мұғалімдері оқу жылының басынан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.

– «Ұлттық киімде білім беремін!» идеясының басты мақсаты – «Отбасы құндылықтары–ұлт болашағы–ұстаздар» үштік одағы жұмысын жандандыру ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар тек ұстаздар ғана емес, бұл бастамаға оқушыларымыз да үн қосып, сабақтарына ұлттық киіммен келуде, – дейді идея авторы Берікбай Елтайұлы.

Ulttyk kiim 4

Шымкент қалалық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, №135 мектептің бастамасына қаладағы басқа мектеп ұжымдары да үн қосып, наурыз айында мектепке ұлттық киіммен келуді үрдіске айнылдыруда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.