Философияда «Өркениеттің дамуы — руханияттың құлдырауына әкеледі» деген тәмсіл бар. Алайда, өркениет пен руханият арасындағы тепе-теңдікті сақтап тұратын орта кітапхана десек қателеспейміз. Бүгінде руханият қазынасының қарашаңырағында отын сөндірмей, түтіні түзу шығу үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген өз ісінің мамандары жетерлік. Біз осындай ортаның бірегейі қалалық…
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында мұнай-химия бағытындағы метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) өндіру жобасы іске асырылуда. Метил-трет-бутил-эфирі – октан санын ұлғайтуға пайдаланатын қоспа. Жоба аясында жылына 57 000 тонна МТБЭ өндіру жоспарланған. Кәсіпорын мұнай өнімдеріне жоғары стандартты қосымша қоспа өнімдерін дайындайды. Жалпы аталған өндіріс қаланың өңдеу өнеркәсібіне…
– Альбина Балғабайқызы, Шымкент республикалық мәртебеге ие болған 4 жылдың ішінде қаланың бюджеті 4 есе көбейді. Соның ішінде бюджеттің жергілікті кірістері 2,5 еседей артқаны айтылып жүр. Әрине, бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, қала қашан өз шығындарын өзі жауып, дотациялық өңір атанудан құтылады? Әкімдіктің осы бағытта атқарып…
Жыл сайын 30 маусымда әлем мемлекеттері халықаралық адам саудасымен күрес күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 2013 жылы қабылданған бұл дата адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғауға арналған. Себебі, адам саудасы – ауыр қылмыс. Бүкіл әлемде жыл сайын мыңдаған адамның құқығы бұзылып, зардап…
Шымкент қалалық №3 аурухана жаңа орталықпен толығып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар және қондырғылармен қамтылуда. Қаладан шалғай орналасқан қырық жылға жуық тарихы бар мекеменің ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа тынысы ашылғандай. Медициналық ұйымдағы өзгерістер мен тың жаңалықтар жайында аурухананың бас дәрігері Сәрсен ПЕРНЕБЕКОВПЕН сұхбаттастық.
2006 жылы қарапайым ғана компьютерлік қызмет көрсету орталығынан бастау алған «Ернияз» өндірістік фирмасы қазіргі таңда Шымкенттегі баспа саласының үздіктері қатарынан көрініп жүр. Бүгінде ҚР мемлекеттік рәміздерін өндірумен де айналысып, өңірдегі мекемелерді сапалы әрі стандарттарға сай өніммен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме. 4 маусым – Мемлекеттік…
– Бекет Тұрғараұлы, бүкіл саналы ғұмырыңызды судьялық қызметке арнадыңыз. Судьялық деген тек біреуді жазалау немесе ақтау ғана емес қой. Сіз шығарған үкімдер мен шешімдер адамдардың тағдырын шешіп, өмірін басқа арнаға бұрып жатты. Осынау жауапкершілік жүгі адамға ауыр тимей ме? – Иә, адам жанын аршалап қалу…

СУБСИДИЯ СЕП БОЛАДЫ

Среда, 01 Июнь 2022 04:58 Автор
Елімізде тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жұмыстар жан-жақты жүруде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы бағыттардан бөлек биыл үшінші жыл жастарды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету жүйесі қолға алынған. Ал биылғы жаңалық – халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтардың баспана жалдау ақысының жартысын субсидиялау. Осы тұрғыда Шымкентте қандай жұмыстар атқарылуда?…
Ұрпақ саулығы — ұлт саулығы. Келешекке нық қадам жасайтын іргесі мықты ел қалыптастыру жолында білім, тарих, мемлекеттіліктен бір мысқал да кем емес жауапкершілікті талап ететін ұрпақ саулығы тұр. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының жұмысымен танысып, аурухананың бас…
Әлеуметтік сала дегенде ойымызға, ең алдымен, жұмыссыздық мәселесі келетіні белгілі. Жұмыссыздық проблемасы дамушы елдерде ғана емес, дамыған елдерде де өзекті саналады. Себебі, халық санының табиғи өсімі мен азаюы біркелкі жүрмейді, зейнетке шыққан мамандардың орнын лезде алмастыру мүмкін емес. Осы орайда Шымкенттегі жұмыссыздық мәселесі мен онымен…