«Жер кодексіне» енгізілген өзгерістерді жергілікті тұрғындарға түсіндіру, насихаттау шаралары облыстың барлық аудан, қалаларында қарқын алған. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінен арнайы үш жұмыс тобы құрылды. Бүгінге дейін облыс бойынша барлығы 1661 кездесу өткізіліп, оған 192 мыңнан астам адам қамтылыпты. Өңірде жерді түгендеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?…
Елбасының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту міндеттемесін орындау мақсатында құрылған «ЫРЫС микроқаржы ұйымы» ЖШС-і 2009 жылдан бері несие үлестіріп келеді. Осы жылдар ішінде біздің өңірімізде 12 мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Қаржы ұйымы қандай жобаларға қолдау көрсететінін сұрап, директоры Хилолла…
Шымкенттің үшінші мегаполиске айналғанын тілге тиек етсек, алдымен туризм саласы еске түседі. Жалпы, біздегі туризмнің бүгінгі жағдайы қалай? Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаевпен болған сұхбатымызды оқырман назарына ұсындық. – Марат Кәрімжанұлы, туризм бізге, шымкенттіктерге не береді?…
Баспасөз хатшысы – өз мекемесі туралы оң пікір қалыптастыратын маман. Сонымен қатар, қалам ұстаған журналистер қауымының әр саладағы ақпараттарды дер кезінде халыққа жеткізуіне бірден-бір ықпал ететін көмекшісі. 28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы,…
Оңтүстік журналистикасының ардагері Байдулла Қонысбекұлының бойы да, ойы да сергек. Облыс баспасөзінің дамуында жанкешті еңбек еткен Бай-аға биыл жетпіс бес жасқа толады. Қаламы әлі қолында. Зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әліге дейін қаламының қуатын байқатып келеді. Бірнеше жылдан бері ОҚО Әділет департаментінде абыройлы…
28-маусым – Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Бұл мереке қарсаңында көбіне журналистердің аты аталады. Дегенмен, баспасөздің ажырамас бөлігі ретінде баспахана қызметін ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі әңгіме БАҚ айдынында бірнеше сала бойынша тасын өрге домалатқан «ERNUR» корпорациясының баспаханасы жайлы болмақ. Бұл мекеме – баспа…
Адамның қос жанары әлемдегі тұңғиық терең жаратылыстың бірі іспеттес. Ол арқылы таңғажайып табиғаттың тамаша сәттерін көре аламыз. Бар шындықтың айнасы да – көз. Бар сұлулықтың да кілті. Халқымыздың «көзімнің қарашығындай» деген тіркесі осыған байланысты айтылса керек. Көз – ағза, сезім мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы. Шамамен…
Мұхамеджан ТАЗАБЕК, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры Қоғамда жастар тәрбиесі әрқашан да өзекті. Отбасы құндылығын бойына сіңіріп өскен, ұлттық салт-дәстүрден ажырамаған ұрпақ қана Отанға адал қызмет етпек. Жастар кімнен үлгі алмақ? Жанына рухани тірек іздеген адамға дұрыс бағыт-бағдар беріп жүрміз бе? Бұл сауалдар кім-кімді де…
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, аумағы кеңейіп, халық саны өскен шаһарда инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілгені белгілі. Қаланың бас жоспары, ең алдымен, Шымкенттің архитектуралық ажарын айқындайтын, оған ерекше кескін мен келбет беретін айшықты жоба. Әсіресе, салынатын тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың және басқа да ғимараттардың бір-бірімен…
Халқымызда «Бүгінгі жас – ертеңгі ел ағасы», «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөздер бар. Осы сөздердің мәнін ұғынсақ, бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күні еліміздің тізгінін ұстайтын басшы азаматтарға айналатынын, ел билігі жастардың қолында екендігін аңғартады. Олай болса өңіріміздегі жастардың қазіргі ахуалы қандай?…