Жемқорлықпен күрестi бiрлесе жүргiзейiк

Пятница, 13 Март 2015 04:54 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5089 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

IMG 3700Аталған іс-шараға облыс прокуроры Ибраһим Иманов және «Hұp Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков, прокуратура қызметкерлері мен партияның өңірлік филиалының және БАҚ өкілдері қатысты.
Келісімде заңдылықты қамтамасыз етуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiнің сақталуын жүзеге асыру, мемлекет мүдделерін сақтай отырып мемлекеттік қызмет түрлерін іске асыруда азаматтардың құқығын қорғауын қамтамасыз ету, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар көріністері мен проблемалы аумақтарды айқындау шараларын қолдану, қызметкерлердің қызмет көрсету мәдениетін көтеруге іс-шара жүргізу, сыбайлас жемқорлық бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздарын айқын және дер кезінде қарастырып, шара қолдану секілді мақсаттар көзделген. Сондай-ақ, екі жақты қабылданған меморандум аясында облыс прокуратурасы мен партия арасында қолданыстағы заңдардың және Елбасының жемқорлықпен күрес жөніндегі саясатын іске асыру бағытында бірлескен маңызды профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, меморандумда партия мен прокуратура басшылығының арасында ақпаратпен шұғыл алмасуды ұйымдастыру шаралары, прокурорлық тексерулерге партия өкілдерін қатыстыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бағытындағы ұсыныстарды бірлесіп дайындау мүмкіндіктері қарастырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.