Бейнеттен зейнетке

Пятница, 03 Апрель 2015 08:05 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 7171 раз

Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясында жеті қызметкер зейнеткерлік демалысқа шыққалы отыр.Аталмыш оқу орнында зейнет жасына жеткен ұстаздарға құрмет көрсетіп, бейнеті көп еңбектерінің зейнетін көруге толағай тілек білдіру салтанаты дәстүрге айналған.

DSC 0108Шымкент қаласында 1970 жылы негізі қаланған алғашқы қазақ мектебінің бүгінгі директоры Қалида Үсіпханқызының айтуынша, алдағы уақытта оларға тиісті құрмет көрсетіліп, зейнет демалысына бар жөн-жоралғысымен шығарып салмақ.
Өз істеріне жан-тәнімен беріліп, білім саласында аянбай еңбек еткендердің қатарында Зейнегүл Сұлтанова, Зүбайра  Мергенбаева, Мәрзия Қасымова, Мәлік
Кенжебеков, Зүбайра Рысқұлова, Күләш Оңғарова және Гүлзаһира Серікбаева бар. Құрметті демалысқа шыққалы отырған ұстаздардың барлығы да жоғары санатты, мектеп абыройын асқақтатуда барынша үлес қосқан мерейі үстем жандар. Шәкірттері де түрлі салаларда биіктен көрініп, мұғалімдерінің сіңірген білімінің арқасында елеулі жетістікке жетуде. Олар өз мектебін, ұстаздарын мақтан тұтады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.