Соғыс ардагерi – 97 жаста Избранное

Пятница, 15 Январь 2016 05:28 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3786 раз

Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов және қалалық мәслихат депутаты Марат Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Шушик Хачатурянды 97 жасқа толуымен үйіне құттықтап барды. Қарияның амандық – саулығын сұрап,  сый – сияпат жасады.


DSC 0664– Біз ардагерлерімізді назардан тыс қалдырған емеспіз. Оларға әрқашан көмек қолын созуға дайынбыз. Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатары күн санап азайып барады. Сіздердің ерліктеріңізді ешқашанда ұмытпаймыз, – деді Ғалымжан Молдабайұлы.
Ардагер Шушик Тиграновна 1919 жылы дүниеге келген. 97 жасқа толған ананың қимылы ширақ. Өзі қуатты. Ұлты армян болса да, Қазақстанды екінші отаным деп біледі.
– Менің жадымда жан түршігерлік көріністер мәңгілікке сақталып қалды. Сол кезде көптеген жауынгерлер мен жолдастарымыз неміс бомбасының астында қалды. Соған қарамастан майдангерлер бойындағы күшін сарп етіп, көптен күткен жеңісті жақындатуға үлес қосты, – деп әңгімелейді ардагер ана.
Отан үшін от кешкен майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Бүгінде Еңбекші ауданында 38 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

 

Ерлiгi де, еңбегi де еселi

Отан үшін от кешіп, қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен майдангерлеріміз қаншама?! Олардың әрқайсысының есімі құрметке лайық, өмір жолы – өнеге. Осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әбдірахман Жиренов, Несіпбай Мамытовты 94 жасқа, Тілеумбет Қожаназаровты 91 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз.

Бейбіт болашақ, азат ел үшін шайқасқан, ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың парызы. Сіздер біздің тағылым мен ерлікке толы тарихымызсыздар. Себебі, отты жылдары көрсеткен ерліктеріңіз бен тылдағы ерен еңбектеріңіз қазіргі жас буынға баға жетпес тағылым. Қарияларымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Абай, Еңбекші және Қаратау
аудандық ардагерлер кеңесі

Последнее изменение Пятница, 15 Январь 2016 05:39
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.