ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 85 ПАЙЫЗЫ ӨРТТЕН Избранное

Пятница, 10 Февраль 2023 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1077 раз

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ақпарттық коммуникациялық орталықта өткізген брифингте 2022 жылы атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларын баяндады.

1016

 

Департамент басшысы Мадияр Жақсыбаев шаhарда өрт-техникалық тексеру, өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Департамент бөлімшелері 2022 жылы 332 адамды құтқарып, ТЖ аймақтарынан 57 адам эвакуацияланған. 396 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қала аумағында 246 төтенше жағдай тіркеліп, 50 адам зардап шекті. Төтенше жағдайлардың 85 пайызын өрт құрайды. Өрттің негізгі себептері – электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, өрт көздерін абайсыз пайдалану, қысқа тұйықталу және қасақана өртеу жағдайлары.
–Жалпы жыл қорытындысы бойынша 1 миллиард 489 миллион теңгеден астам сома материалдық құндылықтар қорғалды. Мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін іске асыру шеңберінде 801 өрт-техникалық тексеру жүргізілді. Бес жарым мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 800-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау 100 пайыз орындалды. Талдау көрсеткендей, өрт жағдайлары көптеп тіркелуде. Өрттің алдын алу, қауіпсіздікті күшейту бағытында атқарар жұмыс көп, - деді департамент басшысы.
Сондай-ақ, Мадияр Есенгелдіұлы 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Қала аумағында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мәселесін қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысында қарау жоспарланып отыр. ТЖ департаменті 2022 жылы су тасқыны қаупі бар кезең басталар алдында қаладағы гидротехникалық құрылыстар мен су тасқыны қаупі бар учаскелерінде үш рет аэровизуалды тексеруді ұйымдастырды. Қалада жағдай тұрақты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « «Kitapclub»-қа 2 жыл ПОЭЗИЯНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ »