ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ – ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ

Пятница, 02 Июнь 2023 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 627 раз

Тұран ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай төрт балалар ойын алаңшасы ашылды. Аудан әкімі Боранбай Нығметұлы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы келіп, ойын алаңшасының лентасын қиды.

216

 

Ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Мереке күні Бәйдібек би көшесіндегі №246 тұрғын үй және Құрсай, Отырар, Ақтас шағынаудандарында ойын алаңшаларының құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Тұрғындар көптен күткен қуаныштарын балаларымен бірге тойлады. Аулаға жиналған бүлдіршіндер әткеншек теуіп, сырғанап мәз-мейрам. Аниматорлар балаларға сыйлық ретінде доп және тәттілер үлестірді.
–Тұран ауданының әкімдігі балалар мерекесіне үлкен сыйлық дайындады. Балалардың болашағы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға тұрғындардың атынан алғыс айтамын, – деді Тұран ауданының тұрғыны Меруерт Мұсағалиева.
Айта кетейік, балалар алаңшасының құрылысын «Тұран-ГГ 2007» компаниясы жүргізді. Көп ұзамай Ақжар, Арғымақ, Құрсай , Қазығұрт шағынаудандары және 112 орамда да балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады.