КЕҢЕСКЕН ЖЕРДЕ КЕМДІК ЖОҚ Избранное

Среда, 04 Октябрь 2023 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 349 раз

қала әкімі қаратаулықтардың мәселелерін тыңдады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

517

 

Алдымен аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Қаратау ауданында 213 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Ауыз сумен және электр жарығымен қамту 98 пайыз, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызды құрайды. Аталған жүйелерді биыл
100 пайызға жеткізу жоспарланған. Табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Өткен жылы 30 көше жарықтандырылса, биыл тағы 30 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда ауданда жоспарға енген 70 көшенің 52-де асфальттау жұмыстары аяқталды. 2023 жылы
33 шақырым 41 көшеге шағал тас төселеді.
– Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жалпы инфрақұрылым бойынша магистралды жүйелерді жеткізіп береміз. Әрі қарай тұрғындар жүйелерге өздері қосылуы керек. Сонымен қатар, инженерлік жүйелермен толық қамтылып біткеннен кейін асфальт салынады. Тұрғындар мұны да білуі тиіс. Айтылған мәселелер бойынша елді мекендерді аралап көремін. Ал қоғамдық көлік мәселелерін зерделеп, кешенді жоспар бойынша шешеміз, – деді қала әкімі.
Кездесуде тұрғындар инфрақұрылыммен қамту, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарын қойды.
Қала әкімі әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.