Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ): кім, қалай төлеуге міндетті?

Среда, 19 Июнь 2024 07:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 359 раз

2024 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шамамен 96,5% мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) уақытылы аудару есебінен қалыптасты.

БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен МЗЖ немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу жөніндегі агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, қызметкерге ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ға өз бетінше жүгінудің қажеті жоқ.

 

Әлеуметтік Кодексте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аударуды, олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндігі[1] көзделген.

Агенттің МЗЖ аударуы

Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес, МЗЖ төлеу жөніндегі агент (агент) -   Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.

Бұл ретте агенттерге МЗЖ-ны БЖЗҚ-ға уақытылы есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және төлеуді төмендегі тұлғалардың табыстарынан жүзеге асыру міндеті жүктелген:

1) өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жұмыскерлер, адамдар;

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар.

Агенттер МЗЖ-ны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы аударады, ол өз кезегінде МЗЖ-ны жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады. Аударым деректемелерін enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінен табуға болады.

МЗЖ-ны дербес төлеу

Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуді мына тұлғалар дербес жүзеге асыра алады:

         1) жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ, өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар;

            2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;

      3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.

         Төлем жасаушылардың түріне қарай МЗЖ төлеудің егжей-тегжейлі тәртібі, мөлшерлемесі мен мерзімдері enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде көрсетілген.

           Атап кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес агент уақытылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған МЗЖ сомаларын, егер олар нақты төленген және қызметкер табыс алған болса, Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент МЗЖ салымшыларының пайдасына әрбір кешіктірілген күн (Мемлекеттік корпорацияға төлем күнін қосқанда) үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге аударуы тиіс.

           БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден төмендегі адамдар босатылады:

1) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған адамдар;

2) егер мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.

Барлық сауалдарыңызға жауап алып, ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да тексере аласыз:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

көп арналы тегін байланыс арқылы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында алуға болады.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.