Қызметтерді цифрландыру – "БЖЗҚ" АҚ қызметіндегі маңызды бағыт

Среда, 19 Июнь 2024 07:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 710 раз

       Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн форматта "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күні" өткізілді. "БЖЗҚ" АҚ өз қызметтерін цифрландыруға көп көңіл бөліп, оны маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Қазіргі кезде қызметтердің жалпы көлемінің 90% астамы цифрлық форматта көрсетілуде. Іс-шараға қатысушылар бұл жаңалықтың қалай жүзеге асырылып жатқанынан хабардар болып, цифрлық сервистердің жаңа мүмкіндіктері туралы білді.

 

       Кездесу барысында Қор мамандары электрондық қызмет көрсету мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану үшін нені білу керектігін де баяндап берді. Шараға қатысушылар Қордың цифрландыру тұрғысынан қабылдаған шешімдерінің уақыт, күш және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретінін және барынша ыңғайлы екенін атап өтті.

       Бұдан басқа, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге келген салымшыларға жеке ақыл-кеңес беру жұмыстарын да өткізді. Оның барысында кездесуге арқау болған тақырып қана емес, жалпы Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер де қозғалды.

       Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша мамандар беретін ақыл-кеңесті салымшылар БЖЗҚ филиалдарына өздері келіп немесе enpf.kz сайтынан, түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден онлайн режимінде де ала алады. Мұны қалай жасау керектігі туралы іс-шара барысында айтылды.

       Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.