«ОРДАБАСЫ» ӨЗ АЛАҢЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ Избранное

Пятница, 19 Май 2023 04:25 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 2827 раз

Футболдан Қазақстан Кубогының 1/4 финалдық ойындары аясында «Ордабасы» командасы өз алаңында жеңіске жетті.

40

 

Ширек финалдың алғашқы кездесуінде шымкенттік клуб «Қызылжар» командасын 2:0 есебмен жеңді. Әдеттегідей Қажымұқан атындағы Орталық стадионға жергілікті жанкүйерлер көптеп жиналған. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан «Ордабасы» ойыншыларына зор қолдау көрсетті.
Бірінші таймда қарсыластар есеп аша алған жоқ. Екі жақта жиі шабуыл ұйымдастырғанымен, алғашқы кезеңде ойыншылар тең тарқасты. Екінші таймда «Ордабасы» ойыншылары белсенділік танытты. Всеволод Садовский 74 минутта қақпаны дәл көздеді. Жанкүйерлердің қолдауынан қуат алған Асхат Тағыберген де 77 минутта есепті еселеді. Осылайша жерлестеріміз алғашқы ойында жеңіске жетті. Енді қарымта матч 7 маусым күні «Қызылжар» командасының өз алаңында өтеді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те тартысты бәсекені тамашалады. Сондай-ақ, бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да «Ордабасы» ойыншыларына жанкүйер болып келген.
«БИИК-Шымкент» клубының арулары 14 дүркін жеңімпаз атанған еді. Айналмалы жүйе бойынша өткен жарыстың қорытынды кездесуінде жерлестеріміз «Оқжетпес» клубын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Ойынның үзіліс кезінде қала әкімі М.Әйтенов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Ә.Барменқұлов дүбірлі додада жеңімпаз атанған спортшыларды арнайы құттықтады. Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш. Бүгінде ұлттық құрамада шаһардан 7 футболшы өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр. Сондай-ақ, «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында әлемдік деңгейдегі клубтармен тең дәрежеде өнер көрсетуі - команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.