KAZCHESS ФИДЕ: ГИННЕСТЕР КІТАБЫНА ЕНУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:34 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 728 раз

Шымкентте халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығына орай, FIDE100 Guinness World Records Attempt аясында ұйымдастырылған KazChess Fest 2024 турнирі өтті. Турнирге қаланың әр жастағы 104 шахматшысы қатысып, өздерінің бақтарын сынады.

8 гинес

 

1966 жылдан бастап жыл сайын 20 шілдеде ФИДЕ «Біз бір отбасымыз» ұранымен өтетін Халықаралық шахмат күнін атап өтеді. Бұл күні бүкіл әлемде шахмат турнирлері ұйымдастырылады.
– Биыл ФИДЕ өзінің 100 жылдығын тойлауда, соңдықтан осы жолы бұл күн мүлдем ерекше атап өтілді. ФИДЕ өз алдында 24 сағат ішінде ойналған шахмат ойындарының ең көп саны үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатын қойды. Бүгінгі тартысты кездесуге қатысушылардың ең жасы 7 жаста. Сонымен қатар 66 жастағы қала тұрғыны да бақ сынауда. "3+2" блиц турнир түрінде, әр ойыншыға партияға 3 минут, бірінші кезектен бастап әр айналымға 2 секунд қосылады, Швейцария жүйесі бойынша 9 тур болады. Қатысушылар әуесқой болсын, гроссмейстер болсын бүгінгі жүрістері тарихта қалуы әбден мүмкін, - деді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов.
Айта кетейік, 1924 жылы 20 шілдеде Парижде 14 елдің өкілдері Халықаралық шахмат федерациясының негізін қалады. Жүз жыл ішінде ФИДЕ мүшелерінің саны 201-ге дейін жетіп, ал шахматты үнемі ойнайтын адамдар саны 800 миллион адамнан асты деген болжам бар.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.