Сот жариялаған байқау үздіктері анықталды
Пятница, 06 Август 2021 03:47«Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 10 жыл толуына орай Шымкент қалалық сотында ұйымдастырылған «Дау мұраты – бітім» атты эссе конкурс мәресіне жетті. Қалалық сотта байқау жеңімпаздарымен қатар кәсібилігімен көзге түскен медиаторлар да марапатталды.
Қарағашты зиянкестерден залалсыздандыруда
Среда, 04 Август 2021 04:45Шымкентте саябақтар мен көше бойларындағы қарағаштардың жапырағы қурап жатыр. Тіпті, кейбір ағаштар жапырағынан түгел айрылған. Күзге дейін өңін бермейтін өсімдік жапырағының жаздың ортасында сарғаюына биылғы аптап ыстық әсер етті ме әлде қауіп зиянкестерден келді ме? Себебін сала мамандарынан сұрап білдік.
Жексенбіде тойды тоқтатты...
Среда, 28 Июль 2021 03:49Әл-Фараби ауданында өткен жексенбі күні мобильді топ 150 адам жиналған үйлену тойын тоқтатты. Аудан аумағындағы «Ғажайып» тойханасында шектеу шараларына қарамастан жасырын той өткізген тойхана иесі мен той өткізген азаматқа хаттама толтырылып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ескерту жолданды. Бұған Әл-Фараби ауданында құрылған мобильді топпен арнайы рейдке шыққанда куә болдық.
«Жаңа құжат құқықтық жүйені жақсартуға бағытталған»
Пятница, 23 Июль 2021 03:48Елімізде 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Осының негізінде үшінші мегаполисте жаңадан құрылған әкімшілік сот жұмысын бастады. Осыған орай заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар жайында Шымкент қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Ғалым Қалдаров газетімізге арнайы сұхбат берді.
Бүгінгінің батыры
Среда, 16 Июнь 2021 04:3911 маусымда Шымкенттің Тәуке хан мен Ақпан батыр көшелері қиылысында оқыс оқиға болды. Сағат 11:18-де «Магнум» сауда орталығының автотұрағынан «Зил» маркалы жүк көлігінің моторы мен кабина бөлігінен өрт шығады. Сын сағатта қауіп-қатерге қарамастан Санжарбек Досназаров жалындаған тілсіз жауды сөндіруге ұмтылады. Санаулы минут ішінде отпен жалғыз өзі алысады.
Ескі үйдің орнына жаңасы салынады
Пятница, 11 Июнь 2021 03:54Әл-Фараби ауданындағы Қошқарата өзеніне жақын жердегі тозығы жеткен жеке үйлер сүрілуде. Жылдар бойы Бекетті, Ремесленный, Таң тұры, Әлімқұлов көшелеріндегі баспаналардың жаңаратынына тұрғындар дән риза.
Сыйға – спорт алаңшасы
Среда, 09 Июнь 2021 04:34Шымкентте тағы бір жаңа спорт алаңшасы бой көтермек. «Ақмешіттің» іргесінен ашық спорт алаңшасының құрылысы басталды. Бос жатқан төрт жер телімінің біреуі Абай ауданы әкімі аппаратының тапсырысымен игілікті іс осылайша жүзеге асуда. Көпфункциялы спорт алаңшасының құны 14 млн 500 мың теңгені құрайды.
Елордалық Айдана Шымкентті аралайды
Среда, 09 Июнь 2021 04:27Елордалық Айдана Үсенова «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Бақытты қалаға бір билет» байқауының жеңімпазы атанды. 25 мамыр мен 5 маусым аралығында әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқауда Нұр-Сұлтаннан Айдана Асылбекқызы күтпеген қуанышқа кенелді. Ол Шырайлы Шымқалаға саяхаттау мүмкіндігіне ие болған қуанышын бізбен бөлісті.