«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ТЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАҢДАНДЫРДЫ Избранное

Пятница, 20 Октябрь 2023 04:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 525 раз

Қала жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауы және еріктілерге арналған грант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған.

737

 

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров көпшілікті келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жоба жеңімпаздарына 1 млн тг көлемінде қаржылай сертификаттарды табыс етті.
-Ең алдымен осы жобаларға қатысуға ниет білдірген барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Грант иегерлері инновациялық, әлеуметтік және басқа да бағытта өз жобаларын ұсынды. Комиссияның шешімімен үздіктерді анықтадық. Өздеріңіздей азаматтық ұстанымы белсенді жастар барда еліміз одан әрі дами түсетініне сенімім мол. Жастар - біздің болашағымыз. Біз сіздердің әрбір бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз, - деді С.Әбілхайыров.
Дәстүрлі «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы бойынша биыл 5 жеңімпаз анықталды. Ал “Жас волонтер” байқауында үздік 3 жоба іріктелді. Атап айтқанда, ерікті жастардың тазалық жобасы, балалар футбол лигасы және супер волонтер кітабы жобалары үздік деп танылды.
Сондай-ақ, күн батареялары, қадамдық қуат, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу және анимациялық фильмдерді дыбыстау жобасы бойынша үздіктер анықталды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.